Бұл туралы СҚО Уәлиханов ауданы прокуратурасы хабарлады.
«Ішімдікке жол жоқ»: Жамбыл мен Шағырсай тұрғындары тәртіп пен денсаулықты таңдады
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
261
оқылды

Өңірлік прокуратураның үйлестіруімен, жергілікті атқарушы органмен және аудандық полиция органдарымен бірлесе отырып «Заң мен Тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жамбыл және Шағырсай ауылдарында қоғамдық тәртіпті нығайтуға елеулі қадам жасалды – тұрғындар алкогольді тұтынудан және сатудан толығымен бас тартты.
 
Екі ауылдағы жиындарда барлық қатысушылар салауатты өмір салтына көшу туралы бастаманы бір ауыздан қолдады. Жергілікті дүкендер өз кезегінде ауыл тұрғындарының шешіміне жауап берді – кәсіпкерлер алкоголь өнімдерін ассортименттен өз еркімен алып тастап, оны әкелуді тоқтатты.
 
Бұл қадам прокуратура органдарының, жергілікті билік органдарының және белсенді тұрғындардың бірлескен күш-жігерінің нәтижесі болды, бұл жергілікті қоғамдастықтың құқықтық тәртіпті нығайтуға және өмір сапасын жақсартуға қосқан үлесін көрсетті.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.