Қала прокуратурасының үйлестіруімен Полиция департаменті жүргізген жедел шаралар нәтижесінде марихуана түріндегі есірткі заттарын шығаратын фитозертхананың қызметі тоқтатылды.
Шымкент тұрғыны марихуана өсірумен айналысқаны үшін ұсталды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
296
оқылды

Арнайы жабдықталған, жасанды жарықтандырумен қамтылған құрылғыдан 83 көк пластикалық шелекте өсірілген марихуана, пластикалық пакеттерден қаптамадан шығарылған есірткі заттары мен электронды таразылар табылды.
 
Қазіргі уақытта ұйымдастырушы ұсталып, қамауға алынды.
 
Қылмыстық кодекстің 297, 300-баптарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
 
Аталған баптар бойынша жеті жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлікті тәркілеу жазасы қарастырылған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.