Шерзат Полаттың өліміне қатысты істі қарау кезінде тәуелсіз сарапшы Тахир Халимназаров марқұмның денесіне жасалған сот-медициналық талдау жөнінде өз пікірін білдірді, – дейді Aikyn.kz сайты.
Жәбірленуші тараптың адвокаттары одан «Шерзатты қандай жағдайда аман алып қалуға болар еді?» деген сұрақ қойды. Сарапшы әр адамның ағзасы қан жоғалтуға әрқалай төзімді екенін атап өтті.
«Кеуде қуысында 1,5 литр қан бос қалғаны анықталды. Бұл өте көп. Қан тез жоғалтқан кезде 500-600 милилитрден кейін адамның жағдайы ауырлай түседі. Бұл жерде 1,5 литр қан кетіп тұр. Егерде 1 литрге дейін қан кеткенше көмек көрсетілсе, өмірін аман алып қалуға болар еді. Оны біздегі тәжірибеге сүйеніп айтып отырмыз», – деді ол.
Айта кеткен жөн, 16 жастағы Шерзат Полаттың қазасына байланысты сот процесі әлі де жалғасып жатыр.