Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен палата отырысы өтті. Онда сенаторлар инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы халықаралық келісімді ратификациялады және өздерінің депутаттық сауалдарын жолдады.
Инвестицияларды өзара қорғау туралы заң мақұлданды
158
оқылды

Отырыс барысында қаралған «Қазақ­стан Республикасының Үкіметі мен Қырғыз Рес­пуб­ликасының Министрлер Кабинеті ара­сындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялау туралы» заң екі ел арасындағы инвестиция­ларды өзара қорғауға бағытталған. Талқылау кезінде атап өтілгендей, Қырғызстанмен стра­тегиялық әріптестік Орталық Азиядағы өңір­лік интеграцияны одан әрі дамыту перспек­тиваларына жол ашады. Сондай-ақ мұндай қадам халықтарымыздың ара­сындағы байла­ныстардың өсуіне және нығаюына ықпал етеді.

«Қаралған келісім екі ел арасындағы ин­вес­­тициялық ахуалды жақсарту және өзара тиімді сауда-экономикалық ынты­мақтастықты одан әрі дамыту мақсатымен әзірленген. Құ­жат бір мемлекеттің инвес­торларының екінші мемлекеттің аума­ғындағы инвестициялары үшін қолайлы жағдайлар жасауды көздейді. Жалпы, бұл заң бауырлас елдеріміз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайтуға оң сеп­тігін тигізеді деп сенеміз», – деді Мәулен Әшімбаев.

Заң екі ел арасындағы экономикалық ын­ты­мақтастықты нығайту бойынша қо­лайлы режим жасау тәртібі мен шарттарын айқын­дайды. Атап айтқанда, бір Тараптың екінші Тараптың аумағындағы инвес­тицияларын жүзеге асыру, сондай-ақ екі мемлекеттің аумақтарындағы инвес­тиция­лық қызметке байланысты мәселе­лер реттеледі. Келісім нормаларына сәй­кес кез келген Тараптың инвесторлары жүзеге асырған инвестициялар әділ және тең құқылы режимді, сондай-ақ екінші Тарап мемлекеті аумағында толық қор­ғалуды және қауіпсіздікті пайдаланады.