Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады.
Экологиялық мәдениетті жетілдіру маңызды
175
оқылды

Кездесуде Қазақстан мен Жасыл кли­мат қорының ын­тымақтастығын нығайту перспективасы талқыланды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міз қоршаған орта­ны қорғауға, соның ішін­де орман қорын сақтау мен көбейтуге, табиғи ресурстарды оңтайлы пайдалануға ерек­ше көңіл бөлетінін атап өтті.

Қазақстан келесі жылы Аймақтық кли­­мат саммитін өткізуді жоспарлап отыр. Бұл іс-шараның негізгі мақ­саты – өзек­ті мәселелердің шешімін бірлесіп іздеу, та­би­­ғат өзгерістеріне бейімделу, азық-тү­лік пен су қауіп­сіздігін қамта­ма­сыз ету.

Өз кезегінде Мафальда Дуарте климат проб­лема­ларын шешуге бағытталған Қа­зақ­станның күш-жігеріне қолдау білдіріп, Ұлт­тық бейімделу жоспарының орын­далуы­­на жоғары баға берді. Табиғат апат­тарының тәуе­келдерін басқару және ерте құлақтандыру жүйелерін ен­гізуді қарас­ты­ратын аталған жоба Жасыл климат қо­ры­­ның және БҰҰ Даму бағдарлама­сы­ның қатысуымен жү­зеге асырылып жа­тыр.

Бұдан бөлек, әңгімелесу барысында та­биғатты аялау жә­не қоғамның эко­ло­гия­лық мәдениетін жетілдіру маңыз­ды еке­ні айтылды.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жасыл климат қорының атқарушы директоры Мафальда Дуартені қабылдады.