Мемлекет басшысы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиеваны қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа бала құқықтарын қорғау және жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мен нығайту бағытында атқарылған жұмыстар туралы мәлімет берілді.
Бала құқығы мен инклюзия – басты назарда
184
оқылды

Соңғы екі жылда бала­лар­дың құ­қық­тарын қор­ғау және қауіп­сіз­ді­гін қамта­ма­сыз ету, зорлық-зом­бы­лықтың, суицидтің жә­­не жасөс­пі­рім­дер ара­сын­дағы қылмыс­тың ал­дын алу мақсатында бір­қа­тар ша­ра қабылданып, бағ­дарламалар мен заңдар әзір­­ленді. Аталған жұ­мыс ая­сында Бала құ­қықтары жө­нін­дегі уәкілдің баста­ма­­сы­мен заң­на­маға 120 тү­зету енгізілді.

Динара Зәкиева биыл 13 өңірдегі жә­не 73 елді ме­кендегі ахуалға мо­ни­то­ринг жүр­гі­­­­­зілгенін, соның ішін­де 272 мекемедегі ба­ла­ларға жа­­­сырын сауал­на­ма жасалғанын, 173 от­ба­сыда тәрбиеленіп жатқан жет­­кін­шек­тердің жағ­дайы­мен та­нысқанын айт­ты. Тексеріс қоры­тын­дысы бойынша бала құ­қық­та­рын қорғауға қатысты қа­был­­дан­ған заң нормала­рын бұзған 171 дерек аны­қ­­­тал­ған.

Бұдан бөлек, аймақ­тар­дағы 112 отба­сы­лық қол­дау орталығының тиім­­ді жұ­мыс іс­теп жатқаны белгілі бол­ды. Олар тұр­мыс­тық зор­­­лық-зомбылықтың ал­дын алу мен ба­ла­лар құқығын қорғау мақса­тында ашыл­­ған болатын.

Облыс әкімдіктері жа­ны­нан бала құ­қық­тарын қор­ғау жөніндегі бас­қарма құру жұ­мыстары қолға алынды. Сондай-ақ ба­ла­ларды қорғауға жауапты өңір­лік ор­ган­дардың мін­дет­тері мен мәртебесін ай­қын­­дай­тын заң жобасы дайын­далып жатыр.

Бұған дейін Мемлекет бас­шысы қабыл­данған заң­дарды іске асыру жө­­нін­де міндет жүктеген еді. Ба­ла құ­қықтары жөніндегі уә­­кіл Президент тапсыр­ма­сының орын­далу бары­сы туралы баяндады. Атап айт­­қанда, ерек­ше қажет­ті­­­­лік­­тері бар ба­ла­лар­ды да­мыту мен оңалту орта­лық­та­рын құру жұмыс­та­рын жандан­дыру­ға тоқ­талды. Қа­зіргі кезде «Қа­­­­­­­зақстан халқына» қоры се­рік­тес­терімен бір­ге 49 оңалту ор­талығын аш­­ты. Бұл ме­­кемелерде ерек­ше қажет­ті­­­­лік­­­­­тері бар балаларға қызмет көр­сетіледі.

Сонымен қатар кез­де­суде «Қа­зақ­стан ба­лала­ры» бағдарламасын әзір­­леу, онлайн қауіп­сіздікті қам­та­масыз ету және кә­ме­­лет­ке толмаған аза­мат­тар­дың жеке мәлі­мет­терін қор­­ғау мәселелері тал­қы­ланды.

Президент бала құ­қық­­тарын қорғауға ке­піл­дік беру жүйесін ны­ғай­тып, жеткін­шектерді жан-жақты қолдау тетігін қа­­лып­тастыру үшін жер­гі­лікті атқарушы органдар мен өңірлік уәкілдердің күш-жігерін жұ­мыл­дыру маңызды екеніне назар ау­дарды. Бұдан бөлек, мек­тептердегі инклюзивті бі­лім беру ісін дамытуды көз­дейтін қосым­ша ша­ра­лар қабыл­дауды тапсырды.