Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевты қабылдады. Президентке ведомствоның жыл басынан бері атқарған жұмысының нәтижесі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері жөнінде есеп берілді.
Қауіпсіздік кепілі – қырағылық
204
оқылды

Ермек Сағымбаевтың айтуынша, ҰҚК ма­териалдары негізінде 43 адам лаң­кестік пен діни экстремизм бабы бойын­ша сот­тал­ған және 34 азамат тергеліп жа­­тыр. Тер­­­роризм мен экстремизмге қа­­­­­тысы бар 212 шетелдіктің Қазақстанға кіруіне жол бе­рілмеді. Радикалды ұйым­дар­ға мүше 

1 498 шетелдік адамның елі­міз­ге келуіне шек­теу қойылды. Тер­ро­рис­тік және экс-т­ре­мистік қылмыстар жа­са­ғаны үшін із­деу­де жүрген 12 шетелдік азамат ұс­талды.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Терроризмге қар­­сы орталықтың кезекті отырысы өткі­зіл­­гені жөнінде мәлімет берілді. Экст­ре­мизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл­дың мемлекеттік жүйесін дамытуға ар­­­­­нал­­ған ке­шенді жоспарды жүзеге асыру ба­рысы қа­ралды. Қазақстан арқылы лаң­кестерді алып өту, лаңкестік әрекетке қа­жетті қар­жыны аудару фактілерін ес­кере отырып, тер­роризм қаупін төмендету бойынша қо­сымша шаралар әзірленді.

Мемлекет басшысына Ішкі істер ми­нистр­лігімен бірлесіп 13 қылмыстық топ­­­тың қызметі тоқтатылғаны, олардың 142 мү­шесі ұсталғаны және 40 азаматтың тұт­­қын­далғаны туралы баяндалды. Заң­сыз ай­налымда жүрген 282 атыс қаруы, 48 гра­ната мен 4 586 оқ-дәрі тәркіленген.

Есірткі өндіретін 12 зертхана, сондай-ақ 13 халықаралық және 12 өңірлік тасы­мал арнасы жойылған. Заңсыз айна­лым­нан 3,2 тонна есірткі мен психотропты зат­­тар, 7,5 тонна прекурсорлар алынды.

Сыбайлас жемқорлық пен құқыққа қай­­шы басқа да әрекет жасаған мем­ле­кет­­тік және құқық қорғау органдарында жұ­мыс істейтін 15 лауазымды тұлға құ­рық­тал­ды. Экономикалық қауіпсіздікті  қам­­­та­масыз ету аясында 1,6 триллионнан аса теңге кө­ле­мінде мемлекетке келтірі­ле­тін залалға тос­қауыл қойылып, оның 220 миллиард тең­гесі қазынаға қай­тарыл­ды.

Мемлекеттік шекараны бұзған 16 мың­нан астам адам ұсталды. 3 025 тұлға ел­ден шы­ғарылды. Қару-жарақ пен оқ-дә­рі, есірт­кі және басқа да тыйым са­лын­ған заттарды алып өтпек болған 600-ден аса фак­ті әшкереленді. Шекара арқылы 11 мил­лиард теңге мен құны 16,6 мил­лиард тең­ге болатын тауарларды заңсыз алып өтуге жол берілмеді.

Сонымен қатар мемлекеттік орган­дар­дың ақпараттық жүйесіне жасалған 796 мил­лион кибершабуыл әшкереленген.

Кездесу соңында Президент ұлттық қауіп­­сіздік органдары қызметінің бағыт­та­ры бойынша бірқатар тапсырма берді.