Бокстан Шри-Ланкада өткен U22 Азия чемпионатының финалында Аружан Жаңабаева жетінші жетінші болып шаршы алаңға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
63 келіде Аружан Жаңабаева ақтық сында жарыс қожайыны Мудиансе Найакаразнаны 1-раундта айқын басымдықпен жеңді.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, жекпе-жек небәрі 37 секундқа ғана жалғасты.
Айта кетейік, жарыста ерлер құрамасы 10 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алса, қыздар 9 алтын, 3 күміс медаль иегері атанды.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.