Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясы еш қатысы жоқ тұлғалардың тарапынан таратылып жатқан сын-ескертпелерге өз пікірін білдіріп, бұл сынның сырттан жасалып жатқанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Киноөндірісті реформалау аясында «Қазақфильм» қаржылық тұрақтылық стратегиясын жүзеге асырып, инфрақұрылымды жаңғыртып, цифрлық жүйелерді іске қосып, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға күш салып жатыр.
Көп жылғы тәжірибеде алғаш рет киностудия коммерциялық жобаларды мемлекеттік қаржыландырусыз іске қосып, қаржылық жылды қарызсыз аяқтады.
«Қазақфильмнің» хабарлауынша, ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мүдделер қақтығысы мен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мақсатында киностудияны тәуелсіз менеджер басқаруы керек деген қағидатты ұстанып отыр.
Киностудияның дистрибуция және сату қызметінің жетекшісі Гүлзат Шүренованың айтуынша, 2025 жылы студия соңғы жеті жылда алғаш рет табысқа қол жеткізген.
– Бұл дұрыс құрылған қаржылық стратегияның нәтижесінде мүмкін болды. Кеңсе, костюм, реквизит жалға беру секілді қызметтердің жиынтық табысы есебінен қаржы жылын қарызсыз аяқтадық. Көптеген жалға алушылар өз кеңселерін жөндеп үлгерді және киностудиямен ұзақмерзімді келісімшарт жасауға ниетті, – деді ол.