Талдықорған қаласында жер сілкінісі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ТЖМ «Сейсмологиялык зерттеу институты» ЖШС сейсмикалық стансалар желісі 23 мамырда Астана уақытымен 16 сағат 01 минутта жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Қазақстан шекарасында Талдықорған қаласынан солтүстікке қарай 12 шақырым жерде орналасқан.
ТЖМ өкілдері жер сілкінісі кезінде көмегі тиетін 10 қарапайым кеңесті ұсынды:
- Жер дүмпуі кезінде үрейленбеңіз;
- Жер сілкіну кезінде лифт және баспалдақпен қолданбаңыз;
- Жиhаздан, терезеден ары тұрыңыз;
- Жасырынатын жерді табыңыз – жоғары қабаттарда негізгі іргелі қабырғалардың бұрышында жасырыңыз;
- Ғимараттан шығыңыз (төменгі қабаттарда), көпқабатты үйлерде жер сілкініс аяқталған соң ғимараттан шығыңыз;
- Кетер алдында суды, газды, электр қуатын мүмкіндігіңізше өшіріңіз;
- Дабыл жол сандығын алыңыз (алдын ала дайындау қажет);
- Электр желілерден, ғимарат, ағаштардан аулақ болыңыз;
- Жер сілкінуіне дайын болыңыз;
- Қарт адамдарға, балаларға, мүмкіндігі шектеулі адамдарға көмек көрсетіңіз.
ҚР ТЖМ Сейсмологиялык зерттеу институтының ақпараты бойынша сезілетіні туралы мәліметтер:
- Талдықорған қ. – 4.0 б.
- Балпық-Би а. – 4.0 б.
- Қарабұлақ к. – 3.0 б.
- Үштөбе қ. – 3.0 б.
- Текелі қ. – 2.0 б.
- Сарыөзек а. – 2.0 б.
Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәліметтер анықталуда.