Гарвардқа шетелдік студенттерді қабылдауға тыйым салынды. Дональд Трамп әкімшілігі университетті студенттік визаға құжат рәсімдеу құқығынан айырған, – деп хабарлайды Aikyn.kz 24kz-ке сілтеме жасап.
Қазір Гарвардта оқып жүрген өзге елдердің азаматтары басқа жоғары оқу орындарына ауысуға тиіс. Университет басшылығы Трамптың бұл шешімін заңсыз деп танып, «бұл академиялық миссияға қайшы қадам» деп мәлімдеді. Гарвардта бүгінде 140 елден барған 7 мыңға жуық студент оқиды екен. Бұл – барлық білім алушылардың 25 пайыздан астамы.
Билік сәуір айынан бастап Гарвардқа берілетін жалпы сомасы 2 млрд-тан астам доллар тұратын федералдық гранттарды алып тастаған болатын. Бұл тұрғыда университетке теңдік және инклюзия бағдарламаларынан бас тарту талабы қойылған. Бірақ оқу орны оны орындаудан бас тартып, Трамп әкімшілігін сотқа берді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.