Былтыр жер бетінде 390 миллионнан астам гектар жер өртенді. Әлемдегі тропикалық ормандардың ең үлкен бөлігіне ие Бразилияда 2,8 миллион гектар орман алқабы жойылды. Ғалымдар болжамына сәйкес.биыл да жарты ғаламшар сынап бағанасының жоғарылуынан жапа шегеді. Әсіресе, Оңтүстік Еуропа, Жерорта теңізі, Таяу Шығыс, Батыс және Солтүстік Америка, Орталық Азия елдерінде қатты ыстық болады. Ал солтүстік және Орталық Еуропа, Шығыс Азия мен Оңтүстік Америкада жауын-шашын жиілейді. Кей аймақтарда күн суытады. Бұршақ жауады. Халықаралық ұйымдар климаттың құбылуына қарсы шара қабылдап, шұғыл жүзеге асырмақ ниетте. Құрылым өкілдері, алдымен, жылына ауаны улайтын газ қалдықтарын 9 пайызға төмендетіп, кем дегенде сынап бағанасын 1,5 градусқа төмендетуге тырыспақ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.