"Щучинск-Көкшетау-Петропавл-РФ шекарасы" халықаралық транзиттік дәлізін дамыту аясында М-51 республикалық маңызы бар автомобиль жолының 465-496 шақырым аралығындағы учаскесінде қайта жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Учаскенің жалпы ұзындығы 30,2 шақырымды құрайды.
Бүгінгі күні келесі жұмыстар атқарылды:
- 15,3 шақырымда қиыршық тасты мастикалық асфальтбетоннан жол жабынының үстіңгі қабаты төселді;
- 15,3 шақырымда жолайрықтар салынып, жол таңбалары сызылды;
- 15,3 шақырымда жол жиегі нығайтылды;
- 192 жол белгісі мен 614 сигналды бағаналар орнатылды;
- 6,5 шақырым арақашықтықта барьерлік қоршау қойылды;
- жарықпен жабдықталған демалыс алаңы, санитарлық-гигиеналық тораптар және қоқыс жәшіктері бар орындықтар салынды.
Қыс мезгіліне қажетті материалдар алдын ала әзірленді:
- инертті материалдар – 200 мың тонна;
- битум – 330 тонна.
Биылғы жылы келесі жұмыстар жоспарланған:
- 15 шақырымда жолға қиыршық тасты мастикалық асфальтбетон төсеу;
- 15 шақырымда жол жиегін нығайту;
- 15 шақырымда жол бөлігін абаттандыру.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.