Бұл туралы Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жазда Балқаш курорттық аймағына қосымша пойыздар қатынайды
344
оқылды

Биыл жазда Балқашқа дейін 10 теміржол маршруты ұйымдастырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Пойыздар Астана, Семей, Алматы қалалары мен Қарағанды облысынан (Мойынты, Саяқ) қатынайды.

  1.  №54/53 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
  2. № 254/253 «Нұрлы жол – Достық» (аптасына 2 рет);
  3. №122/121 «Нұрлы жол – Семей» (жыл бойы, айдың жұп күндерінде).
  4. № 643/644 «Мойынты - Балқаш» (күнара);
  5. № 605/606 «Қарағанды – Балқаш» (күн сайын);
  6. № 6880/6879 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 6 рет);
  7. № 6877/6878 «Балқаш – Мойынты» (аптасына 6 рет);
  8. № 6894/6893 «Балқаш – Саяқ» (аптасына 2 рет);
  9. № 6817/6818 «Балқаш 1 – Балқаш 2» (күн сайын).

Сонымен қатар, 1 маусым мен 31 тамыз аралығында айдың тақ күндері №219/220 «Қарағанды-Балқаш» жүрдек пойызы қатынайды. Оның құрамына 4 плацкарт және 2 купе вагон кіреді.

 Автомобиль көлігі:

Балқаш көліне дейін «Орталық – Оңтүстік» жол бағыты арқылы төртжолақты жолмен жүруге болады.

Астана қаласынан ұзындығы 217 шақырым «Астана – Қарағанды» жолын өтіп, одан әрі ұзындығы 363 шақырым «Қарағанды – Балқаш» жолы бойынша курорттық аймаққа жетуге болады. Жол жүру уақыты шамамен 5-6 сағатты құрайды. 

Ұзындығы 262 шақырымды құрайтын «Меркі-Бурылбайтал» жолы арқылы да жетуге болады. 

Балқашқа Лепсі ауылы арқылы балама жолмен де жетуге болады. Мұндағы 27 шақырымдық жол учаскесі қайта жөнделіп, ені 6-дан 7 метрге дейін кеңейтілді. Техникалық санаты V-тен III-ке ауыстырылып, өткен жылдың қазан айында пайдалануға берілді.