16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша кезекті сот отырысы басталды, – дейді Aikyn.kz сайты.
Сот отырысы кезінде мемлекеттік айыптаушы қылмыстық істі тергеуші мен Қаржаубай Нұрымов арасындағы болған диалогты оқыды.
– Арасында болды, тепкіледі. Әрі қарай Нұрқанатқа пышақты кім тыққанын көрген жоқпын. Бірақ Нұрқанат сол жерде жатып қалды. Бірінші Нұрқанат менің балам Шерзатты қорғап, қойыңдар деп жатқан кезде, баламның артқы жағынан біреу пышақты тыққан. Балам артқа қарай отырып қалды. Сол жерде қан құсып жіберді. Сосын жанына барып, «не болды саған?» деп сұрағанымда, мына жағын көрсетті. Арқа тұсын. Қарасам, пышақ тыққаны көрініп тұр. Балам сол жерде жатып қалды. Қалған жігіттер Нұрқанатты ұрып-тепкілеп болғаннан кейін, менің баламды жабылып ұрды. Мылтықтың басымен ұрды. Ешқайсысы қарап тұрған жоқ. Бәрі тепкіледі, ұрды, соқты, – деген Қ. Нұрымов тергеушіге берген жауабында.