Қазақстан СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты.
Сыртқы істер министрлері кеңесі халықаралық деңгейдегі өзекті мәселелерді талқылады
Фото: gov.kz
470
оқылды

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) бейресми Саммиті қарсаңында Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу ТМҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Іс-шараға қатысушылар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылап, көлік, логистика, коммуникация және климаттың өзгеруімен күрес салаларында ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын атап өтті.

Қазақстан СІМ басшысы ТМҰ-ға мүше елдердің сауда, инвестиция, көлік және ауыл шаруашылығы салаларындағы жетістіктер мен болашағы зор бағыттарға назар аударып, Ұйым аясындағы өзара тиімді ынтымақтастықтың келешегін айқындады.

Отырыс барысында ТМҰ Саммитіне дайындық барысы қаралып, оның аясында қол қойылатын құжаттар жобалары мақұлданды.

Іс-шара алғаш рет Еуропада орналасқан бақылаушы елдің аумағында өтуде.

Түркі мемлекеттері ұйымы 2009 жылы Қазақстанның бастамасымен құрылған. Бүгінде оған Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан, Түркия және Өзбекстан мүше. Мажарстан мен Түрікменстан бақылаушы мәртебеге ие.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.