Бокстан Азия чемпионаты: Аман Қонысбеков финалға шықты

Бокстан Азия чемпионаты: Аман Қонысбеков финалға шықты
Енді финалда отандасымыз сенсациялық түрде жеңіске жеткен жарыс қожайынымен шеберлік байқасады.

Бокстан Шри-Ланкада өтіп жатқан U-22 Азия чемпионатында жойқын соққысымен белгілі Аман Қонысбеков финалға шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.  

Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, жерлесіміз жартылай финалда Вьетнам өкілі Лу Пхамды 2-раундта техникалық нокаутпен ұтты. 

Енді финалда отандасымыз сенсациялық түрде жеңіске жеткен жарыс қожайынымен шеберлік байқасады. 

Осылайша, ерлер арасында 12 спортшымыз бас жүлдеге таласу мүмкіндігіне ие болды

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM  арнасынан табасыз.