Мектептердің көлемі типтік жобаларға қарағанда, 15-20%-ға үлкен, ал техникалық жарақтануы 4 есе артық.
Ауыл оқушыларына арналған 100-ден астам жайлы мектеп ашылды
649
оқылды

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салынып жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгінде 105 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев хабарлады. Оның айтуынша, ұлттық жоба тұрғылықты жеріне қарамастан, заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған.

«Жайлы мектептердің жартысына жуығы ауылдық жерлерде салынуда. Осылайша, 200 мыңнан астам ауыл баласы қазіргі заманғы жайлы білім беру ортасымен қамтамасыз ету жоспарланған», - деді министр баспасөз конференциясы барысында.

Оның айтуынша, бұл мектептердің артықшылығы – онда оқушыларға қолайлы, эргономикалық білім беру кеңістігі құрылуда. Мектептердің көлемі типтік жобаларға қарағанда, 15-20%-ға үлкен, ал техникалық жарақтануы 4 есе артық.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.