Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша Жетісу облысының мамандандырылған ауданаралық сотында өтіп жатқан сот процесінде маңызды айғақтар жарияланды, – дейді Aikyn.kz сайты.
Тергеу барысында танушы Махмет Ахмет Болатұлы:
«Ілиясов Нұрқияс нақты Мерседес машинасынан түсіп, барсеткасынан бәкі шығарып, қайта салды», – деді.
Ал күдікті Нұрқияс Ілиясов қолында барсетка да, пышақ та болмағанын айтты.