АҚШ биыл қарашада өтетін «Үлкен жиырмалық» саммитіне қатысудан бас тартты. Себебі Құрама Штаттар билігі G20 саммиті болатын Оңтүстік Африка Республикасының басшылығымен тіл табыса алмай отыр. Сондай-ақ форумның күн тәртібінде де келіспейтін тұстары бар. Мемлекеттік хатшы Марк Рубионың айтуынша, айшылықты жайттар қатарында адам құқығы, азық-түлік қауіпсіздігі, теңсіздік, инклюзия және тұрақты дамудағы олқылықтар бар.
Айта кетейік, Ақ үй басшысы наурызда адам құқықтарын бұзып жатыр деген желеумен Оңтүстік Африка Республикасына қаржылай көмек беруді тоқтатқан болатын.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.