Оның сөзінше, ол алдымен Нұрқанат Ғайыпбаевтың артынан барып, төс қалтасындағы пышақпен оның жамбас тұсына үш рет сұққан.
«Қолдың ізі қалмасын деп пышақты жудым»: күдікті тағы бір тың деректі айтты
видеодан скриншот жасалды
891
оқылды

Бүгін Шерзат Полатты өлтірді деп айыпталып отырған негізгі күдікті Абзал Шынасыл сот отырысында жауап беріп жатыр, – дейді Aikyn.kz сайты.

Сот барысында күдікті Абзал Шынасыл өз әрекетін егжей-тегжейлі баяндады. Оның сөзінше, ол алдымен Нұрқанат Ғайыпбаевтың артынан барып, төс қалтасындағы пышақпен оның жамбас тұсына үш рет сұққан.

«Кейінірек көлік келіп, бәріміз бірге «777» дүкеніне бардық. Қыздар дүкенге кіріп кеткенде, мен пышақты алып сүрттім. Қолдың ізі қалмау үшін. Сол кезде Жақсыгелді Данаға “Диззи” сусынын құйып берші дедім. Дана құйды, мен сүрттім. Қолдың ізі қалмасын деп пышақты жудым. Кейін Биатлон жаққа қарай бет алдық», – деді ол соттағы айтқан жауабында.