Көкшетауда жантүршігерлік қылмыстың мән-жайы туралы деректер шықты.
«Мәйітті күні бойы көлігінде алып жүрген» – қара жамылған ана баласын өлтірген күдікті туралы айтты
Фото: видеодан скриншот
1,599
оқылды

Күдікті бастығын өлтіруді төрт ай жоспарлаған. Көкшетауда әріптесінің қолынан қаза тапқан Жанболат Кенжахметовтың туыстары қанды қылмыстың жай-жапсарын айтты. Бұл туралы Aikyn.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

41 жастағы марқұм он күн бұрын із-түзсіз жоғалып, зорлық-зомбылық белгілерімен өлі табылған. 

 «Алдында аңдып жүргені де содан, қолайлы сәт іздеп жүрген. Неше айдан бері ойластырып. Жалғыз өзі істеген жоқ. Немесе басқа біреулерді апарып, дайындап қойды. Лудоман болған», –деді  марқұмның анасы Халида Игелдиева. 

23 жастағы күдікті бастығының ұрысқанын көтере алмай, осы қылмысқа баруы мүмкін дейді қара жамылған ана. 8 мамыр күні түскі сағат үште қайтыс болған Жанболат Кенжеахметов күдіктінің көлігіне отырыпты. 

Көше мен тұрғын үйлердегі бейнебақылау камералары арқылы қылмыскердің ер адамды гаражға апарып өлтіргені анықталған. Сосын із жасыру үшін мәйітті бір күн бойы көлігінің салонына салып жүрген. 

Он күн бұрын жұмысқа кетіп, қайта оралмаған көкшетаулық азаматтың денесінде зорлық белгілері бар мәйіті табылған еді. Көп ұзамай полицейлер күдікті ретінде марқұмның әріптесін қамауға алды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.