Блогер әлеуметтік желіде құрылысы бітпеген үйдің видеосын жариялады.
Айжұлдыз Адайбекова күйеуі берген бағалы сыйлықты көрсетті
Фото: instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
667
оқылды

Актриса, блогер Айжұлдыз Адайбекова күйеуінен бағалы сыйлық алды, – деп жазды Aikyn.kz.

Актрисаға күйеуі, экстрим-блогер Сәкен Қағаров баспана сыйлаған.  Блогер әлеуметтік желіде құрылысы бітпеген үйдің видеосын жариялады.

"Менің әйеліме сыйлығым – пәтер. Енді Алматының орталығынан өзіміздің жайлы ұямызды жасаймыз! Жиһаз, техника, материалдар және т. б. бойынша ынтымақтастыққа дайынмын", – деді Сәкен Қағаров.

Желі қолданушылары жаңадан үйленген екі жасқа бақыт тіледі.

«Үйлерің берекеге толсын», «Құтты болсын», «Нағыз азамат», «Қандай керемет сыйлық», - деп жазды желі қолданушылары.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.