Мемлекет басшысы мәдениет саласының бір топ азаматын мемлекеттік наградалармен марапаттады.
Әнші Әлішер Каримов Қазақстанның халық әртісі атанды
1,095
оқылды

Белгілі әнші Әлішер Каримов Президент Жарлығымен «Қазақстанның халық әртісі» атағына ие болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бүгін Президент Жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды. Олардың қатарында әнші Әлішер Каримов те бар.

Әлішер Шүкірұлы Каримов – қазақстандық эстрада әншісі, музыкант. Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлегі. Қазақ ұлттық өнер университетіндегі «Музыкатану» факультетінде магистратураны тәмамдаған.

Әр жылдары әнші Қазақстанның атынан көптеген халықаралық конкурсқа қатысты: Витебсктегі «Славян базары»  (2011 жыл, Беларусь) – 3 орын, «Ереван шақырады» (2012 жылы, Армения) – 3 орын, Юрмаладағы «Новая волна» (2014 жыл, Латвия) – 10 орын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.