Әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында полиция қызметкерлері Жұмабаев пен Айнакөл көшелерінің қиылысында екі жүргізуші арасында болған төбелесті анықтады, - деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Белгілі болғандай, Audi және Chevrolet Cobalt автокөліктерінің жүргізушілері арасында жолды бөлісе алмаудан кикілжің басталып, арты жұдырықтасуға ұласқан. Оқиғаға қатысушылар дереу ұсталды.
Ұсақ бұзақылық бойынша әкімшілік іс қозғалды. Сот шешімімен әрбір құқық бұзушыға 15 тәулікке әкімшілік қамау жазасы тағайындалды.
Полиция "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында кез келген құқықбұзушылықтарға тосқауыл қойылатынын ескертеді. Жол ережесін сақтайық!
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.