Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында тиісті органдарға балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударуды тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Ата-аналарға айтарым, мектеп бітіру кештерінде, ең бастысы жазғы демалыс кезінде балаларды қараусыз қалдырмаған жөн. Осыған баса көңіл бөлуді сұраймын. Ата-ананың аялы алақаны мен мейірімі баланың жанын жақсылыққа бөлейді. Олардың бойындағы адамгершілік негіздері, қоғамдық ортадағы іс-әрекеті мен отаншылдық қасиеттерінің барлығы, бірінші кезекте отбасында қалыптасады. Ешқандай министрлік ата-ана қамқорлығы мен тәрбиесін алмастыра алмайды. Еліміздің лайықты азаматтарын тәрбиелеу – мемлекет пен қоғамның бірлескен үлкен еңбегінің жемісі. Сондықтан саналы, білімді және нағыз отаншыл азаматтарды қалыптастыруда күш-жігерімізді нығайта түсейік дегім келеді», – деп атап өтті Олжас Бектенов.Сонымен қатар, оқу жылының аяқталуы және балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері талқыланған Үкімет отырысында ол балалардың жазғы демалысы мен бос уақытын жақсы өткізу үшін қажетті жағдай жасаудың маңыздылығын атап өтті.
«Мемлекеттік органдар балалардың жазғы демалысы мен сауықтыру шараларын жақсы өткізу үшін қажетті жағдай жасағаны жөн. Бірде-бір бала назардан тыс қалмауға тиіс. Көпбалалы, аз қамтылған және тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды қолдауға басымдық берілсін», – деді Олжас Бектенов.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.