Қазақстан аумағында циклондық әрекеттің әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі.
"Қазгидромет" жаңбыр, найзағай және температураның көтерілуі туралы ескертті
Фото: istockphoto
502
оқылды

"Қазгидромет" мәліметінше, алдағы күндері найзағай ойнап, жаңбыр жауады, бұршақ, екпінді жел, шаңды дауыл және тұман болады. Тек шығыста, сондай-ақ 20-21 мамырда оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

20 мамырда түнде Батыс Қазақстан облысында, 22 мамырда күндіз Ақтөбе облысында қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста шаңды дауыл, ал оңтүстік-батыс пен шығыста тұман күтіледі.

Ауа температурасы:

- Батыс пен солтүстік-батыста: күндізгі температура +18...+28°С-тан +15...+25°С-қа дейін төмендейді.

- Солтүстікте: күндізгі температура +20...+26°С-тан +20...+29°С-қа дейін көтеріледі.

- Орталық пен шығыста: күндізгі температура +20...+28°С-тан +22...+33°С-қа дейін көтеріледі.

- Оңтүстікте: күндізгі температура +25...+35°С-тан +28...+38°С-қа дейін көтеріледі.

- Оңтүстік-шығыста: күндізгі температура +22...+30°С-тан +30...+38°С-қа дейін көтеріледі.

Ауа райының өзгеруіне байланысты тұрғындарға ауа райы болжамдарын қадағалап, сақтық шараларын ұстану ұсынылады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.