Қызылша ауруын «ұмыттық» деп арқамызды кеңге салып жүргенде, бұл ауру қайта ушықты. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша, COVID-19 пандемиясы кезінде көптеген елде балаларға арналған жоспарлы вакцинация бағдарламалары бұзылды.
Қызылша – қорғансыз балаға қатер
327
оқылды

Осылайша, қызылшаға қарсы иммунитет төмендеді. Жыл өткен сайын қызылшаға шалдыққандар статистикасы артуда. Ал вирустық инфекциядан көп зардап шегетін – балалар. Қызылшаны құрықтаудың жолы қандай? Екпеден бас тарту эпидемияға жол аша ма? 

Статистика жаға ұстатады

Қызылша ауруы бұрын екпе ар­­қылы тежелгенімен, соңғы жыл­дары вакцинация деңгейінің тө­мен­деуі эпидемияға әкеліп соқты. Бұл – екпенің қоғам үшін қанша­лық­ты маңызды екенін дәлелдейтін нақ­ты мысал. Аталмыш инфекция жө­телгенде, түшкіргенде ауа там­шы­лары арқылы тез беріледі. Жал­пы, соңғы жылдары вакцинаға қар­сы ата-аналардың көбеюі де қы­зылшаның кең етек жаюына әкел­ді. Статистикаға назар аудар­сақ, Қазақстанда 2018 жылы қы­зыл­шамен ауырғандар көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 3,2 бол­ды. Жұқпалы аурудың өршіген кезі 2019 жыл болатын. Оны жұқ­тыр­ған­дар саны 22 есе артып, 100 адам­ға шаққанда 71,8-ге жетті. Сол жы­­лдары балалар арасында қы­зыл­ша көрсеткіші аса жоғары бол­ды. 100 мың тұрғынға шаққанда Ас­­­­танада – 250,36, Шымкентте – 302,26, Маңғыстау облысында – 210,7, Түркістан облысында 54,47 ауру тіркелді. Алғаш рет елімізде жаңа B3 мен D8 штамындағы ви­рус­тың жаңа генотипі анықталды. 12 және 23 айлық балалардың вак­цинамен аз қамтылуына бай­ла­ныс­ты B3 мен D8 штамдары аса ауыр өтіп, шетінегендер көрсеткіші жоғары болды. 

Ал 2023 жылы Қазақстанда қы­зылша ауруының 29 648 жағдайы тір­келді. Оның 80%-ы – 14 жасқа дейін­гі балалар. Науқастардың 70%-ы – егілмеген балалар. Олар­дың көпшілігі, яғни 60%-ы – вак­ци­нациялаудан бас тартуға бай­ла­нысты, 18%-ы – ме­ди­­циналық қарсы көрсетілімдерге бай­ланысты егілмегендер, 22%-ы – егу жасына жетпегендер. 2024 жыл­дың ал­ғашқы үш айында 1 674 нау­қас тіркелсе, биыл 1 363 бала қы­зылша жұқтырған. Ауруға шал­дыққан­дар­дың 75 пайызы вакцина сал­дыр­маған. 

– Қызылша жұқтырған ба­ла­лар­дың ең көбі Жамбыл облы­сын­да, 300-ге жуық бала ауырған. Екін­ші – Астана, үшінші кезекте – Ақмола облысы. Дегенмен ма­ман­дар биыл қызылша жұқтыр­ған­дар­дың саны былтырғы осы кезеңмен са­лыстырғанда айтарлықтай аз де­ді. Мәселен, былтыр 21 мыңнан аса бала қызылшамен ауырған, – дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының бас маманы Эльмира Құрбанбекова.

Сондай-ақ көкжөтелге шал­д­ыққан балалардың да с­а­ны былтырғымен салыстырғанда едәуір аз. Өткен жылы 550-ге жуық, биыл 183 жағдай тіркелген. Олар­дың 89 пайызы екпе сал­дыр­ма­ған. Сондықтан мамандар дер ке­зінде екпе алуға кеңес береді.

– Бұл енді ауа тамшылары ар­қы­­лы жұғатын вирусты инфекция бол­­ғандықтан өте тез әрі жылдам та­райды. Мұны тек вакцинамен ға­на тоқтата аламыз. Негізінде, қы­­­­зыл­шаға қарсы екпе 1 жаста жә­не 6 жас­та салынады. Көкжөтел де дәл сол сияқты, – дейді Э.Құрбан­бекова.

Айта кетерлігі, қызылша тек Қа­зақстанда ғана емес әлемде өр­шіп тұр. Өйткені ауырғандардың біра­зы инфекцияны шетелден жұқ­тырып келген. Ол елдердің қа­та­рында Ресей, Түркия, Мысыр, БАӘ, Сауд Арабия, Өзбекстан, Тәжікстан бар. 

Вакцинациялау – ғасырлар сынынан сүрінбей өткен әдіс

Соңғы он жыл ішінде екпе сал­дырмайтындар да, ек­пе­ге қарсы науқандар да көбейді. Сал­дарынан, аты баяғыда ұмыт бол­ған жұқпалы аурулар қайта шы­ға бастады. Педиатр Манат Есен­ға­лиеваның айтуынша, кейбір ата-аналар балаларын ектіруге қар­сы. Екпе аутизм, ДЦП диаг­ноз­да­рын таратушы деген қауесектер де бар. Бұл қорқыныштың себебі де анық. 1998 жылы Lancet жур­на­лын­да Эндрю Уэйкфилд балалар­дың екпе алғаннан кейінгі жағдайы туралы деректерді бұрмалап, эти­ка­лық және медициналық норма­лар­ды бұзады. 2011 жылы бұл мә­се­лені британдық журналист Брайан жариялады. Осылайша, Эндрю Уэйк­филдты медициналық тізімнен шы­ғарып, дәрігерлікпен айналысу құ­қынан айырды. Себебі жүргі­зіл­ген зерттеулердің барлығы қы­зыл­ша вакцинасы мен аутизм ара­сын­дағы байланысты растаған жоқ. 

– Менің пікірім, вакцина бала­лар­ға қажет. Шешекке қарсы ал­ғаш­қы екпе 1796 жылы жасалды. Осы­дан екі ғасыр өткен соң Дү­ние­жүзілік денсаулық сақтау ұйымы ше­шек ауруының түп-тамырымен жойылғанын хабарлады. Қазір ол ек­пе салынбайды. Вакцинация-

лау – қауіпті инфекциялардан қор­ға­нудың ғасырлар сынынан сүрін­бей өткен әдісі. Ендігі кезекте по­лио­миелит пен қызылшаны түп-та­мырымен жою мәселесі тұр. Олар – балалар үшін өте қауіпті ви­рустық ауру. Осы сияқты бір­қатар вирусты емдеудің тиімді тә­сілі жоқ. Тек вакцина ғана сақ­тай­ды. Тіпті, бұл аурудан айыққаннан кейін бірнеше жылдан соң ас­қынуы мүмкін. Мысалы, қызыл­ша­мен ауырғаннан 2-3 жылдан соң пан­энцефалит басталып, өлімге алып келуі ықтимал. Осы инфек­ция­мен күресуге аурудың алдын ала­тын екпелер ғана көмектеседі. 2019 жылы әлемде қызылша ауруы­ның аса ауқымды таралуы бастал­ды. Әлемде 207 500 адам қызыл­ша­дан қайтыс болды. Орта есеппен қы­зылшамен ауырған әрбір бесін­ші адам минингит, энцефалит, пнев­­­мония және басқа ұзақмерзімді ас­қынуларға тап болуы мүмкін. Егер бала екпеден мысқыл аурумен ауыр­са, кейін бедеулікке әкеледі, – дейді балалар дәрігері. 

Қызылшаға арнайы препарат жоқ

Қызылша жұққанда денеге қы­зыл бөртпе шығып, ол іріңдеп жа­­­­­рыла бастайды. Ауырған бала­ның жағдайы нашарлап, инток­си­ка­ция, жөтел күшейеді. Жедел ас­қы­натын аса жұқпалы вирустық ин­­фекция ауа арқылы таралады. Қы­зылша жұққан баланың дене қызуы 38-40°C-ге дейін көтеріліп, мұ­рыны, көзі, тамағы қабынады, ин­токсикация болады. Дауыс қы­рыл­дап шықпай қалады, құрғақ жө­­тел пайда болады. Жарыққа се­зім­­талдық артып, қабақ, мұрыны, ері­ні ісіп кетеді.

Инкубациялық кезең жа­сы­рын өтеді әрі бірнеше ап­таға созылады. Осы аралықта оны жұқ­­­­тырушы вирусты айна­ла­сын­дағыларға жұқтырып жүргенін біл­­мей қалуы мүмкін. Вирус мұрын қуысындағы сілемейлі, тыныс жол­дарында болады, түшкіргенде не­месе жөтелген кезде ауаға та­ра­лады. Бір қызығы, 3 айға тол­ма­ған сә­билер анасынан пассив им­мунитетті қабылдайды, соның ар­қа­сында індетті жұқтырмайды. Алай­да анасы қызылшамен ауыр­ма­ған немесе екпе алмаған болса, мұн­дай сәбиге вирус тез жұғады. Қы­зылшамен бір рет ауырғанда өмір бойғы иммунитет қалып­та­сады.

Айта кетерлігі, қызылшаны ем­деудің тиімді және ерекше әдісі жоқ. Алайда Денсаулық сақтауды да­мыту ұлттық ғылыми орталы­ғы­ның сарапшылар кеңесі ұсынуы­мен 2016 жылы емдеу хаттамасы бе­кітілген.

– Қазір егілмеген балалар ара­сын­да көкжөтел, қызылша жиі кез­­­десіп жүр. 2 жасқа дейін көк­жө­тел мен қызылша балаларда өте ауыр өтеді. Тіпті, өлімге ұласуы да ық­тимал. Екпеден тек иммунитет тап­шылығы, қатерлі ісік, қанның қа­терлі аурулары бар балалар ғана тұ­рақты босатылады. Сонымен қа­тар дәрігерлер шала туылған, құр­сақ ішінде инфекциялармен ауыр­ған, оң манту реакциясы, ге­мо­литикалық ауруы болса, бала­лар­ды уақытша екпеден босатады. Егер ата-аналарға дәрігер дұрыстап түсіндірсе, «қуып жету» деген екпе бар. Мысалы, 14 жасқа дейін екпе ал­маған балаға, мен түсіндіргеннен кейін жеңілдетілген түрде егу жүр­гізілді, – дейді педиатр.

Дәрігердің пікірінше, АбКДС вак­цинасы тұрақты неврологиялық жағ­дайда, мысалы, церебралды сал ауруы, даун синдромы, жарақат сал­дары, акушерлік сал ауруы, аф­фективті респираторлы парок­сизм­дерге шалдыққан балалар үшін де қауіпсіз салынуы мүмкін. Оларға егуді денсаулық жағдайы тұрақты күйде болғанда және вак­цинацияның пайдасы қатерден ай­тарлықтай басым болғанда жүр­гізу керек. 

Вакцинаға қарсы жандардың басты ұраны – қазірге дейін екпе салдырмағандардың әлі ауыр­май жүргені. Ал дәрігерлердің ай­туынша, екпе салдырмағандар ек­пе салдырғандардың арқасында ауыр­майды. Себебі екпе сал­дыр­ған­дар инфекция тасымалдамайды. Олар­дың ағзасына түскен кез кел­ген микроб басқаларға жұқпай, өліп қалады. Ал екпе алмаған ба­ла­ның аса қауіпті ауруларға им­му­нитеті әлсіз болады. Егер екпеге қар­сы ата-аналар көбейе берсе, жер бетінде жұқпалы ауру қаптап, орта ғасырдағы адамзаттың күйін қай­та бастан кешеміз. Сол кезде бү­гінгі сәби екпе салдырмаған ата-анасын кінәлайтыны анық. 

Қосымша иммундау жүргізілуде

Қызылшаның қауіпті екеніне тағы бір дәлел – әлемдегі сәби өлі­мі­нің басты себептерінің бірі ре­тін­­де осы жұқпалы індет айтылады. Ин­фекцияны жұқтырған 5 жасқа дейінгі балалардың 30 пайызында жағдай өте ауыр болған. Бұрын қы­­­­зыл­шамен ауырмаған және екпе ал­маған адам қызылшамен ауырған адам­мен қарым-қатынаста болса, ауру жұқтыру қаупі өте жоғары еке­ні белгілі. Денсаулық сақтау ми­нистрі Ажар Ғинияттың ай­туынша, қызылшаның күрт өсуі ая­сында қосымша иммундау жүр­гізу туралы шешім қабылданған.

– Қызылша пневмония, түрлі қ­а­быну, отит секілді, тіпті со­қыр­лық­қа дейін қауіпті асқынуларға әкелуі мүмкін. Бүгінде қызылшаны емдеудің өзіне тән емі жоқ, сон­дық­тан мұндай қауіпті инфек­ция­дан сақтанудың жалғыз жолы – тек вак­цинациялау. Вакцинаның өзі­нен қорықпау керек, ол тек­серіл­ген, біз оны жыл сайын ұлттық егу күн­тіз­бесіне сәйкес қолданамыз, – дейді ведомство басшысы.

Вакцинациялау ережелеріне сәйкес, иммундау педиатр ба­ланы тексергеннен кейін ғана жүр­­­­гізіледі, оған анамнез жинау, тем­­ператураны өлшеу, егілетін адам­ның жағдайын бағалау кіреді, со­дан кейін егуге ақпарат­тан­ды­рыл­­ған келісімге қол қойылады. Әрі қарай иммундаудан кейін 30 ми­­нуттың ішінде егілген нәресте дәрігерлердің бақылауында бо­ла­ды. Қызылшаға қарсы профи­лак­ти­калық егу күнтізбесіне сәйкес біз­дің елде жоспарлы түрде екі рет егі­летінін естеріңізге сала кетейік: ба­ла алғашқы егуді 12-15 айлы­ғын­да, екіншісін 6 жаста алады.

Ендеше қызылша – жай ғана бөрт­пе емес, қауіпті жұқпалы ауру. Ба­ланы бұл қауіптен тек вакцина ға­на қорғай алады. Ал екпеден бас тар­ту тек өз балаңызға емес, басқа ба­лаларға да қауіп төндіреді.

Көктем ҚАРҚЫН