Премьер-Министр Олжас Бектенов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің президенті Питер Костелломен кездесті.
Мұнай-газ саласындағы ынтымақтастық жалғасады
466
оқылды

 Бірлескен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселелері және ынтымақтастық келешегі талқыланды. Кездесуге Қазақстандағы концерннің аға вице-президенті әрі төрағасы Әли әл-Жанаби, негізгі елдер мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президент Сюзанн Куган қатысты.

Премьер-Министр Олжас Бекте­нов Shell компаниясы барлау және өндіру бөлімшесінің прези­­­денті Питер Кос­телломен кездес­ті. Бірлескен мұнай-газ жобаларын жүзеге асыру мәселелері және ынтымақтастық келешегі талқыланды. Кездесуге Қазақстандағы концерннің аға вице-президенті әрі төрағасы Әли әл-Жанаби, негізгі елдер мен Намибиядағы барлау жөніндегі вице-президент Сюзанн Куган қатысты.

Shell Қазақстанда мұнай-газ саласын­дағы бірқатар ірі бастаманы, соның ішінде КҚК, Солтүстік Каспий, Қарашығанақ жобаларына қатысу, қысқы дизель отынын өндіру бойынша ПМХЗ қондырғысын жаңғырту, сондай-ақ жер қойнауын гео­логиялық барлау және ғылыми зерттеуді жүзеге асыруда.

Кездесу барысында Қарашығанақ кен орнында қуаты жылына 4 млрд м3 газ өңдеу зауытының құрылысына назар аударылып, оны жүзеге асырудың маңыздылығы атап өтілді. 

Сонымен қатар Қашаған кен орнын игеру жұмыстары да талқыланды. Тараптар қуаты жылына 2,5 млрд м3 ГӨЗ салуды және жаңа алаңдарды игеруді көздейтін 2А және 2B кезеңдерін іске асыруды же­делдету жос­парларын қарады. Премьер-Министр Қа­­зақстан Үкіметінің одан әрі өзара тиімді ынтымақтастыққа дайын екенін жеткізді.

 

Елнар ЕЛТАЙ