Бұл туралы Қызылорда облысы прокуратурасының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Қызылордада 50 миллион теңгені жымқырған есепші сотталды
Фото: istockphoto
3,282
оқылды

Қызылорда облысының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсаудың заңдылығы мен тиімділігіне талдау жүргізді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Талдау нәтижесінде «Дарын» облыстық қосымша білім беру орталығының бас есепшісі іссапар мен жалақыға көзделген 50 млн теңге бюджет қаражатын өзінің жеке есепшотына заңсыз аударып алғаны анықталды.

- Облыс прокуратурасымен ҚР ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталып, іс сотқа дейін жеткізілді. Аталған факт бойынша сотпен есепшіге қатысты үкім шығып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, - делінген ресми ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енбеген.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.