Полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият болуға шақырады.
Қазақстанда қала сыртындағы жолдарда апат саны азайды - ІІМ
Фото: polisia.kz
801
оқылды

Қазақстанның қала сыртындағы трассаларында апаттылықтың төмендеуі байқалады. 2025 жылдың басынан бері бұл жолдарда жол-көлік оқиғаларының саны 8%-ға азайды. Сонымен бірге жол апаттарында зардап шеккендердің саны төмендеді, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің мәліметінше, бұған Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шаралары ықпал етті.

Негізгі шаралардың бірі жолдардың қауіпті учаскелерінде жүріс бөлігін уақытша тарылту тәсілі болды. Жолдың мұндай бөліктерінде автокөлік жүргізушілері инстинктивті түрде жылдамдықты азайтады.

Аталған әдіс бірқатар шетелде өзінің тиімділігін көрсетіп, бүгінде Қазақстанда сәтті қолданылуда.

Жолды тарылту тәсілі Астана-Қарағанды, Астана-Павлодар, Алматы-Бішкек, Самара-Шымкент, Ақтөбе-Астрахан сияқты және басқа бағыттарды қоса алғанда республикалық трассалардың 26 учаскесінде жүзеге асырылуда.

Онда патрульдік экипаждар жұмыс істейді. Полицейлер жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтауға, жолда мұқият болуға шақырады. Мақсат - жазалау емес, жол апаттарының алдын алу.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.