Қазақстандық Александр Бублик теннистен Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger 175 сериясындағы турнирде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Olimpic.kz-ке сілтеме жасап.
Бублик финалда қытайлық Бу Юньчаокэтэны 6:3, 6:3 есебімен сенімді түрде жеңді.
Александр үшін бұл – ATP Challenger санатындағы жекелей сында жеңіп алған жетінші титул және топырақты корттағы алғашқы жеңіс.
Сондай-ақ оның еншісінде ATP 250 сериясындағы үш, ал ATP 500 турниріндегі бір чемпиондық атақ бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.