Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі кешкі және түнгі уақытта да келушілерге қолжетімді ету жобасын іске асырып жатыр
Түркиядағы 27 тарихи орын түнгі уақытта да ашық болады
812
оқылды

Түркияның Мәдениет және туризм министрлігі 2025 жылдың 1 маусымынан бастап ел аумағындағы 27 тарихи орын мен музейді кешкі және түнгі уақытта да келушілерге қолжетімді ету жобасын іске асырады, – деп хабарлайды Аikyn.kz 

TRT Haber-дің хабарлауынша, «Түнгі музей» бастамасы арқылы Түркия тарихи-мәдени мұраларын көпшілікке кеңірек танытуды, туристерге ерекше әсер сыйлауды және жыл бойғы туризм аясын кеңейтуді көздеп отыр.

Түнгі уақытта ашық болатын бірқатар тарихи орындар мен музейлер:

  1. Эфес антик қаласы (Измир) – Ежелгі Рим дәуірінің сәулеті сақталған, әлемдік мұра тізіміне енген қала. Артемида храмы, Келс кітапханасы бар. (Сәрсенбі–сенбі, 23:00-ге дейін)

  2. Галата мұнарасы (Стамбул) – XIV ғасырдағы генуэздік құрылыс, қаланың панорамалық көрінісін тамашалауға болады. (23:00-ге дейін)

  3. Анадолы өркениеттері музейі (Анкара) – Түрік жеріндегі көне мәдениеттерге арналған археологиялық жәдігерлер қойылған. (21:00-ге дейін)

  4. Этнография музейі (Анкара) – Түрік халқының дәстүрі мен тұрмысын таныстыратын этнографиялық жинақ. (21:00-ге дейін)

  5. Aspendos антик театры (Анталия) – Әлі күнге дейін қолданылатын ежелгі рим амфитеатры. (22:00-ге дейін)

  6. Patara (Анталия) – Рим империясы кезіндегі маңызды әкімшілік орталықтардың бірі. (22:00-ге дейін)

  7. Side (Анталия) – Теңіз жағасындағы көне қала. Аполлон храмымен танымал. (22:00-ге дейін)

  8. Бодрум суасты археология музейі – Су астынан табылған көне кемелер мен амфорлар қойылған ерекше музей. (22:00-ге дейін)

  9. Хиераполис (Денизли) – Памуккалемен қатар орналасқан ежелгі қала. (23:00-ге дейін)

  10. Зельве–Паша Бағлар (Каппадокия) – Тау ішіндегі шіркеулер мен монастырьлар сақталған аймақ. (21:00-ге дейін)

  11. Деринкую жерасты қаласы (Каппадокия) – Қауіп кезінде паналауға арналған көп қабатты жерасты мекені. (21:00-ге дейін)

  12. Каймаклы жерасты қаласы (Каппадокия) – Мыңдаған адамға арналған күрделі құрылым. (21:00-ге дейін)

  13. Өзконак жерасты қаласы (Каппадокия) – Жасырын өткелдері бар ерекше қорғаныс құрылым. (21:00-ге дейін)

  14. Зеугма мозаика музейі (Газиантеп) – Әлемдегі ең ірі мозаика музейлерінің бірі. (21:00-ге дейін)

  15. Шанлыурфа археология музейі – Гёбеклі тепе жәдігерлері бар, мыңжылдық тарихпен таныстырады. (21:00-ге дейін)

  16. Халеплибахче мозаика музейі (Шанлыурфа) – Жеке үйлердегі мозаикалық композициялар қойылған. (21:00-ге дейін)

  17. Сардес антик қаласы (Маниса) – Ежелгі Лидия патшалығының орталығы. (Маусым айының соңынан бастап түнде ашылады)

    Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»
    Telegram арнасынан таба аласыз