Азаматтық қорғау жүйесін жаңғырту – уақыт талабы. Қауіпсіздік саласын жетілдіру, төтенше жағдайлардың алдын алу, өрт қауіпсіздігін күшейту және сейсмикалық тәуекелдерді басқару – мемлекет пен қоғамның ортақ жауапкершілігі.
Азаматтық заматтық қорғау саласын жүйелі жаңғырту жаңғырту – қауіпсіздік кепілі
236
оқылды

Жыл басында Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдаған «Азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы дәл осы мақсаттарды көздейді. Аталған заң жобасы аясында қандай нақты жаңалықтар қарастырылғаны, азаматтық қорғау саласының қызметкерлеріне қандай әлеуметтік қолдау көрсетілетіні туралы Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Арман Қалықовпен сұхбаттасқан едік.

– Арман Қобыландыұлы, жа­қын­­да Мәжіліс «Азаматтық қор­ғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қа­­былдады. Бұл құжаттың негізгі мақ­­­­саты қандай? Өзек­­ті мәсе­ле­лер­ді шешуге бағыт­талған ба?

– Бұл заң жобасы азаматтық қор­­ғау жүйесін заман талабына сай жаңғыртуға бағытталған. Бі­рін­ші оқылымда мақұлданған соң депутаттар екінші оқылымға дейін бірқатар маңызды түзету­лер енгізіп, құжатты едәуір же­тіл­­­дірді.

Негізгі мақсат – аза­мат­тар­­дың қауіпсіздігін қам­­та­ма­сыз ету, төтенше жағдай­лар­ға тиім­ді ден қою және осы са­лада жұ­мыс істейтін маман­дар­дың әлеу­меттік мәртебесін арт­тыру. Жо­бада өрт қауіпсіздігін кү­­шейту, сейсмикалық қауіп­сіз­дік шара­ларын енгізу, мате­риал­дық резерв жүйесін орталықсыз­дан­дыру, сондай-ақ адамдар жап­пай жи­на­латын орындардағы қауіпсіздікті арттыру мәселелері қам­тылған. Со­нымен қатар біз ал­ғаш рет заң­намалық деңгейде аза­маттық қор­ғау органдарының қыз­мет­кер­ле­ріне әлеуметтік ке­піл­діктер бе­кі­тіп отырмыз. Бұл – тұрғын үй, кө­шу шығындары, ең­бек өтілі есе­бі және басқа да жеңіл­діктер.

Заң жобасы аясында 10 ко­декс­ке және 37 заңға өзгерістер ен­гізі­леді. Бұл – ауқымды және ке­шенді құжат. Жұмыс тобының тал­қы­лауын­да 600-ден астам ұсы­ныс қа­ралды. Бұл азаматтық қор­ғау са­ласының қоғам үшін қанша­лық­ты маңызды екенін көрсетеді.

– Сіз айтып өткен әлеуметтік ке­пілдіктерге тоқталсақ. Азамат­тық қорғау органдарының қызмет­керлеріне қандай нақты қолдаулар қарастырылған?

– Ең алдымен, қызмет­кер­лер­дің тұрғын үй мәселесін ше­шу­­ге назар аудардық. Мұқтаж қыз­­меткерлерге тұрғын үй тө­лем­дері беріледі, сондай-ақ қыз­меттік тұрғын үйді жеке­ше­лен­ді­ру­ге құ­қық енгізіледі. Бұл – олардың тұрақ­тылығын қамтамасыз етіп, жұмысына көңіл бөлуіне ықпал етпек. Төлемдер инфляция дең­гейі­не сәйкес индексацияланып отырады.

Бұдан бөлек, қызметтік ауы­сыммен басқа өңірге көш­кен кезде отбасы мүшеле­рі­нің жол шығындарын өтеу және кө­терме жәрдемақы алу құқығы заң­мен бекітіледі. Тө­тенше жағ­дай, әскери немесе лаңкестікке қар­сы операциялар ке­зінде қыз­мет атқарған қыз­мет­кер­лерге үш есе көлемде үсте­ма­қы қарас­ты­ры­лып отыр. Мұндай кез­дердегі біркүндік еңбек үш күн еңбек өтілі ретінде есептеле­тін болады.

Бұл нормалар азаматтық қор­ғау саласының қызметкерлері үшін үлкен ынталандыру болады деп сенеміз. Олар күн сайын тәуе­­­­келмен жұмыс істейді, ал мем­ле­кет өз тарапынан бұл ең­бек­­ті бағалап, әлеуметтік қолдау көр­сетуге тиіс.

– Заң жобасында өрт қауіп­сіз­ді­гін қамтамасыз етуге де ерекше көңіл бөлінген екен. Бұл бағытта қан­дай жаңалықтар енгізіліп отыр?

– Иә, бұл салада да түбегейлі жаңарту жұмыстары жүргізілді. Өрт қауіпсіздігі тек адамдар жап­пай жиналатын орындармен шек­телмейді. Енді шахталар, зауыт­тар, энергетикалық нысан­дар, орман шаруашылықтары сияқ­ты маңызды инфрақұрылым объек­тілері де бақылауға алына­ды. Бұған дейін бұл салаларда өртке қарсы қадағалау әлсіреген еді. Енді ол қалпына келтіріледі.

Орман кодексіне енгізілген тү­зетулерге сәйкес, орман және да­ла өрттеріне қарсы күреске тек Төтенше жағдайлар министр­лі­гінің емес, басқа да мемлекеттік ор­гандар мен ұйымдардың ре­сурс­тары тартылатын болады. Бұл кешенді әрі жедел әрекет ету­ге мүм­кіндік береді.

Тағы бір маңызды жаңалық – биіктігі 28 метрден асатын ғи­ма­раттарды пайдалануға қабылдау ке­­зін­де міндетті түрде өртке қар­­­сы бақылаудан өту талап еті­леді. Сонымен қатар өрт сал­да­ры­­нан үшінші тұлғаларға зиян кел­­се, объект иелері бұл үшін аза­­­маттық-құқықтық жауап­кер­ші­лікке тартылатын болады. Ол үшін міндетті сақтандыру жүйесі енгізіледі.

Заң жобасында сейсмикалық қауіп­сіздік туралы да айтылған. Бұл бағытта нендей шаралар қа­рас­тырылған?

– Қазақстанда сейсмикалық бел­сенді аймақтар бар екенін ұмыт­пауымыз керек. Әсіресе, Ал­маты, Шығыс Қазақстан, Түр­кі­стан облыстары сияқты өңір­лер сейсмикалық қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін. Осыған бай­ла­ныс­ты, енді құрылыс жүргізу ке­­зінде геологиялық және сейс­мо­логиялық қорытынды алу – мін­детті талапқа айналады.

Құрылыс нормалары мен стан­дарттарына сейсмикалық тұ­рақтылық талаптары күшей­ті­ле енгізіледі. Бұл барлық ны­сан­ға, әсіресе әлеуметтік маңызы бар ғимараттарға қатысты. Бұдан бы­лай құрылыс салуға рұқсат беріл­ген­ге дейін сейсмикалық төзім­ділік есептері жүргізілуі қажет.

Сонымен бірге заманауи сейсмобақылау стан­са­ары орнатылып, қолда­ныс­та­ғы­лары жаңартылады. Бұл алдын ала ескерту жүйелерін жетіл­діру­ге, сондай-ақ апаттық тәуекел­дер­ді азайтуға мүмкіндік береді.

– Заң жобасында мемлекеттік басқару жүйесіне де өзгерістер енгізілетіні байқалады. Осыған да қысқаша тоқталып өтсеңіз.

– Иә, бұл жерде мемлекеттік материалдық резерв жүйесінің орталықсыздандырылуы және жедел әрекет ету функцияларын өңірлік деңгейге беру мәселесі қарастырылды. Бұрын төтенше жағдай кезінде барлық шешім орталық аппарат арқылы қабыл­да­натын. Ал енді өңірлік Төтен­ше жағдайлар департаменттеріне дербес шешім қабылдауға, ре­сурс­тарды тез жұмылдыруға жә­не жедел әрекет етуге мүмкіндік беріледі.

Бұл тәсіл төтенше жағ­дай­лар­ға ден қою уақытын қыс­қартады. Көмек жылдамырақ көр­сетіледі, адамдар зардап шек­кенге дейін алдын ала әрекет ету мүмкін болады. Сонымен қатар рес­публикалық жедел штаб құру жә­не оның жұмыс тәртібін ай­қын­дау нормасы енгізілді. Бұл – жаһандық немесе өңірлік көлем­дегі апаттар кезінде тиімді бас­­­қару тетігін қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік мүлікті жеке­ше­лендіру механизмі де қайта қа­рал­ды. Бұрын тікелей мекенжай бойынша сату нормасы болған. Енді бұл алынып тасталып, аук­циондар мен сауда-саттықтарға үлес­тес тұлғалардың қатысуына тыйым салынады. Бұл ашықтық пен әділдікке жол ашады.

– Қорытындылай келе, бұл заң жобасы еліміздің азаматтық қорғау саласын қандай деңгейге жеткізеді деп ойлайсыз?

– Бұл заң жобасы – еліміздің аза­маттық қорғау саласын жаңа са­палық деңгейге көтеретін маңыз­ды құжат. Ол төтенше жағ­дай­ларға жедел әрекет етуді қам­тамасыз етіп қана қоймай, осы са­лада қызмет атқаратын азамат­тарымыздың әлеуметтік мәр­те­бесін арттыруға бағытталған. Со­нымен қатар халықтың өмірі мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты құқықтық, тех­никалық және ұйымдастыру­шы­лық тетіктердің барлығы ке­шен­ді түрде қарастырылып отыр.

Бір сөзбен айтқанда, бұл заң – уақыттың талабы. Біз тек реак­тивті емес, проактивті мемлекет болуға ұмтылып отырмыз. Ал аза­маттық қорғау жүйесінің тиім­ділігі – мемлекеттің тұрақ­тылығы мен қауіпсіздігінің басты көрсеткіші. Сөз соңында аталған заң жобасы Сенат қарауына жі­берілді. Алдағы уақытта ол қол­да­нысқа еніп, нақты нәтижесін береді деп сенеміз.

– Әңгімеңізге рақмет!

 

Сұхбаттасқан Кәмила ДҮЙСЕН