«Ата-анасы қарсы болды»: Жігер Ауыпбаев қосыла алмаған ғашығы туралы айтты

«Ата-анасы қарсы болды»: Жігер Ауыпбаев қосыла алмаған ғашығы туралы айтты
"1,5-2 сағаттық концертте әндерімді сол қызға қарап айттым", – дейді әнші.

Жігер Ауыпбаев әйелінен ажырасқаннан кейін концертте көрген қызға қалай ғашық болғанын НТК арнасындағы өзіне арналған бағдарламада айтты.  

– Ол адам менің туып-өскен жерімнен болды. Мен желтоқсан айында сол ауылға концерт қоюға бардым. Сол концертте арлы-берлі жүргенін көрдім. Кеш басталған кезде оны іздей бастадым. Жан-жағыма қарасам, дәл алдымда сол жақта отыр екен. 1,5-2 сағаттық концертте әндерімді сол қызға қарап айттым. Ол оны байқады. Бір көргеннен ғашық болдым деп айтуға болады.

Концерт біткеннен кейін әлеуметтік желіге кірсем, мені белгілеп сурет салған. Солай тауып алып, кейін сөйлесіп кеттік. Есімін айта алмаймын. Ол адамды басымда қиын сынақтар болып, қиналып жүрген сәттерімде жолықтырып, көңіл жарастырдым. Қиын сәтте біреудің бір жылы сөзі күш беріп тұрады ғой. Сондай сәтте ол маған демеу болды.

Кейін бәрі жақсы болып келе жатқанда арақатынасымызға қыздың ата-анасы мен бауырлары қарсы болды. Сөйтіп екі жаққа кеттік, – деді әнші Жігер.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз