Германияда Қазақстаннан шыққан автодилердің үйіне тінту жүргізу барысында крокодилдің басы табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Үйінен қолтырауынның басы тәркіленген: Германияда қазақстандық ұсталды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
2,326
оқылды

Неміс кеден қызметінің мәліметінше, 39 жастағы Қазақстан азаматы Гессеннің солтүстігінде тұрған. Ол санкцияларды айналып өтіп, Ресейге ондаған люкс-класстағы автокөлік, мотоцикл мен квадроциклді үшінші елдер, соның ішінде Қазақстан арқылы жеткізген. Экспорттың жалпы құны шамамен 25 миллион еуроға бағаланып отыр.

"Күдіктінің тұрғын және коммерциялық ғимараттарына тінту жүргізу кезінде жалпы құны 1,3 миллион еуро болатын 21 көлік құралы, допингтік препараттар, тыйым салынған электрошокер және сирек кездесетін, қорғалатын түрге жататын қолтырауынның басы тәркіленді", – делінген хабарламада.

Кеден қызметінің мәліметінше, ер адам санкцияны шамамен 700 рет бұзған болуы мүмкін.

 Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.