Биыл орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін 6,7 млрд теңге бөлінген.
«2017 жылдан бастап Қазақстан ресми түрде халқы қартайып жатқан елдердің қатарына кірді. Бүгінде 65 жастан асқан адамдар халықтың 9,2%-ын құрайды – бұл шамамен 1,87 миллион адам. Салыстырар болсақ, 2020 жылы бұл көрсеткіш 6,8% болған», – делінген Еңбек министрлігінің ақпаратында.
Орталықтар жұмысын бастағалы бері 20 мыңнан астам іс-шара өткізілді, 3,8 мыңнан астам қызмет көрсетілді – олардың қатарында медициналық, психологиялық, мәдени және білім беру қызметтері бар. Мұның бәрі егде жастағы адамдарға белсенді болуға, денсаулық пен көңіл күйді жақсартуға көмектеседі.
«Нәтижелері де көңіл қуантады – БҰӨО қызмет алушылары халықаралық байқауларға қатысып, жүлделі орындарға ие болуда. Мысалы, «Алматы әжелері» ұжымы Италиядағы сән апталығында Қазақстанның атынан қатысып, Түркия мен Қырғызстандағы этнофестивальдерде жеңіске жетті», – делінген хабарламада.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.