Жыл басынан бері Қазақстанда 329 адамнан ковид анықталған, қайтыс болу жағдайлары тіркелген жоқ.
«Өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда сырқаттанушылық 3,7 есеге азайған. Республика бойынша аптасына 25 жағдайға дейін тіркеледі", – делінген министрліктің хабарламасында.
Басқа елдерде сырқаттанушылықтың өсуін ескере отырып, Денсаулық сақтау министрлігі келесілерді ұсынады:
- жіті респираторлық инфекциямен ауыратын адамдармен тығыз қарым-қатынастан аулақ болу;
- қолды, әсіресе науқас немесе олардың айналасындағы адамдармен тікелей байланыстан кейін жиі жуу;
- үй-жайларды тұрақты түрде желдету;
- ауру симптомдары байқалған жағдайда медициналық көмекке жүгіну.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.