Бір адам қаза тапты.
Шарм-эль-Шейхте қазақстандықтардың үстіне жарнамалық тақта құлады (видео)
Фото: видеодан алынған скрин
997
оқылды

Мысырдың Шарм-эль-Шейх әуежайында жолаушылардың үстіне жарнамалық тақта құлады. Оқиға салдарынан Қазақстан азаматы қаза тапты, тағы екі адам жеңіл жарақат алды, – деп хабарлады tengrinews.kz.

Қайғылы оқиға 17 мамырда болған.

"Шарм-эль-Шейх әуежайының ұшу аймағында рейске отырғызуды күтіп отырған жолаушылардың үстіне жарнамалық тақта құлап түсті. Оқиға салдарынан Қазақстан азаматшасы қаза тауып, тағы екі отандасымыз жеңіл жарақат алды", – делінген ҚР Сыртқы істер министрлігінің хабарламасында.

Министрлік өкілдері қаза тапқан адамның туыстарымен байланыс орнатылғанын, оларға консул барлық қажетті көмек көрсетіп жатқанын айтты.

"Жарақат алған екі әйелге қажетті медициналық көмек көрсетілді, олардың өміріне қауіп жоқ. Мысыр тарапы Қазақстан азаматшасының қайғылы қазасына байланысты шын көңілден көңіл айтты. Мысырдың азаматтық авиация министрі бұл оқиғаны жеке бақылауына алды және оқиға орнына дереу комиссия жіберді. Қазіргі уақытта тиісті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.

Video Player is loading.
Current Time 0:00
Duration -:-
Loaded: 0%
Stream Type LIVE
Remaining Time -:-
 
1x