Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өткен турнирде чемпион атанды.
Зарина Диас TF W50 турнирінде топ жарды
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
739
оқылды

Отандық теннисші финалда әлемнің 288-ракеткасы Аяно Шимицумен кездесті. Финалдық сайыс 1 сағат 24 минутқа созылды.

Зарина Диас бірінші сетте 2:0, 6:4 есебімен басымдыққа ие болса, екінші сетте Шимицу 2:0, 3:1 есебімен алға кетті. Бірақ Зарина бұдан кейін қарқын қосты – 6:3.

Осылайша, Зарина Диас жеңімпаз атанды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.