Әлемде аштық деңгейі алтыншы жыл қатарынан өсіп келеді.
295 миллион адам аштық зардабын тартып отыр
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
672
оқылды

БҰҰ-ның ақпаратынша, биыл 295 миллион адам аштықтан көз ашпай отыр. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 13 миллион 700 мың адамға көп.

Әлемнің 50-ден астам елінде жағдай қиын. Оның негізгі себептері – климат өзгерісі, қарулы қақтығыстар және гуманитарлық көмектің жетіспеушілігі.

Әсіресе Газа секторы, Судан, Гаити, Ауғанстан, Пәкістан, Эфиопия және Кенияда гуманитарлық жағдай ушығып тұр. Халықаралық гуманитарлық бағдарламалар бұл мәселені реттей алмай отыр, өйткені қаржыландыру көлемі өте аз.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.