Өнер иесі кейбір ер-азаматтардың әрекетін сынады.
«Еркектің, әйелдің жұмысы деп бөлмейміз»: әнші Алтынай Жорабаева отбасы туралы айтты
Фото: instagram.com/ altynaizhorabayeva
3,215
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы ұстаным туралы сөз қозғады, – деп жазды Aikyn.kz.

Әншінің айтуынша, әкесі тамақ пісіріп, үй тірлігін атқарады. 

«Еркектің немесе әйелдің жұмысы деп бөлмейміз. Кімнің қолы тиеді, сол жасай береді. Ағам да, інім де сондай. Қыздар малға да қараймыз. Жігіттер қолы тиіп тұрса, тамақ жасай салады. Сиыр сауып, күбі піседі”, – деп жазды. 

Өнер иесі кейбір ер-азаматтардың әрекетін сынады.

«Кейбір еркексымақтар бар ғой. «Қатынның тірлігі» деп сөйлейтін. Олар өзіне сенімсіз, комплексі бар, тәрбие көрмегендер деп санаймын. Әкем анамның шайын дайындап береді. Массажын жасап, қан қысымын өлшеп отырады. Керемет жан», – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  Telegram арнасынан таба аласыз.