Бұл – А. Бубликтің биылғы маусымдағы топырақ жабындысындағы алғашқы финалы.
Александр Бублик Туриндегі теннис турнирінің финалына шықты
olympic.kz
447
оқылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик Италияның Турин қаласында өткен ATP Challenger турнирінің финалына жолдама алды, – деп хабарлайды Аikyn.kz

"Спорт Шредингера" телеграм каналының мәліметінше, жартылай финалда ол неміс теннисшісі Даниэль Альтмайерді (ATP №71) 6:2, 6:4 есебімен сенімді түрде жеңді.

Бұл – А. Бубликтің биылғы маусымдағы топырақ жабындысындағы алғашқы финалы.

Финалға шыққаны үшін ол 90 рейтингтік ұпай мен 20 590 еуро сыйақы алды.

 

Жарыс жеңімпазы атағы үшін Бублик Қытай спортшысы Бо Юнчаокетемен (ATP №73) кездеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз