Қазақстандық теннисші Зарина Диас Жапонияның Куруме қаласында өтіп жатқан турнирдің жартылай финалында жеңіске жетті.
Теннисші Зарина Диас Жапонияда өтіп жатқан турнирдің финалына шықты
Фото: ҰОК
486
оқылды

Зарина Диас қытайлық Мэйлин Ванмен кездесті. Ойын 2 сағат 16 минутқа созылды. Нәтижесінде қазақстандық спортшы 6:3, 3:6, 7:5 есебімен жеңіске жетті.

Бұл туралы Ұлттық олимпиадалық комитет хабарлады.

Заринаның финалдағы қарсыласы жапониялық Аяно Шимицу болмақ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.