АҚШ-тың Миссури штатында торнадо соғып, 5 адам көз жұмды, – деп хабарлайды 24kz.
Қазір Сент-Луис қаласында жағдай қиын. Дүлей дауылдан 5 мыңға жуық үйдің қабырғасы сөгіліп, электр желілері үзілген. CBS телеарнасының хабарлауынша, жел екпіні сағатына 120 шақырымға дейін жеткен. Құлаған ағаштар мен бағдаршамдар жолда үлкен кептеліс туғызды. АҚШ-тың Ұлттық метеорология қызметінің мәліметінше, мұндай торнадо елде жыл сайын 800 рет соғады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.