Осы демалыста Қазақстан аумағында да аптап ыстық орнауы мүмкін.
Елімізде 40 градусқа дейін аптап ыстық болуы мүмкін
Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
769
оқылды

Синоптиктер шығыс пен орталық және оңтүстік өңірлерде күн райы 40 градусқа дейін көтерілетінін хабарлады. Күннің күрт ысуынан өрт қаупі болуы мүмкін екені ескертілді.

Абай, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Павлодар және Қостанай, Ақмола, Жамбыл мен Қызылорда облыстарында қатты жаңбыр жауады деген болжам бар.

Астанада түстен кейін жел тұрып, нөсер жаууы мүмкін.

«Қазгидромет» мәліметі бойынша елдің 17 аймағында дауылды ескерту жарияланған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.