Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауларында экологияны қорғау, таза орта қалыптастыру мәселесіне ерекше назар аударып келеді. Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында «AMANAT» партиясы еліміздің барлық өңірінде «Таза бейсенбі» экоакциясын өткізуді дәстүрге айналдырып келеді.
Экологиялық мәдениетті қалыптастырған жөн
462
оқылды

Абай облысы Жарма аудан­ын­да Қалбатау №2 бастауыш пар­тия ұйымының өкілдері ұй­ым­дастыр­ған тазалық жұмыстары Геор­гие­вс­кая атындағы мектептің аума­ғы мен орталық саябақты қамтыды. Сондай-ақ Үржар аудан­ындағы Айтбай ауылында да акция өтті. Ауылдың кіреберісі мен өзен ар­на­сы тазаланып, ша­ма­мен 0,5 гек­тар жер күл-қоқыс­тан арылды.

Партияның Алматы облыс­тық филиалының ұйымдастыруы­мен өткен кезекті «Таза бейсенбі» эко­логиялық акциясы барысында Қо­наев қаласындағы Төртінші сая­жай аумағынан 6 тоннадан ас­там қоқыс шығарылды. Іс-шара­ға 50-ге жуық адам қатысып, 200 қап тұрмыстық қалдықпен қатар, ірі көлемдегі пластик бө­тел­келер, сынған тұрмыстық тех­ника мен құрылыс материал­дары­ның қал­дық­тары жиналды.

«Мақсатымыз – көшені та­зар­ту ғана емес, адамдарға таза­лықтың маңызын түсіндіру. Бүгін студенттермен бірге Төртінші саяжайда 5 шақырымға жуық аумақ­­ты тазаладық. Балалар алаң­дары мен қоғамдық орын­дар­да да қоқыс көп. Мұндай акция­лар арқылы әр азаматтың жауа­п­кершілігін оятқымыз кел­еді», – деді «Жастар Рухы» жастар қана­тының мүшесі Әділет Айт­қазы.

Атырау облысы Қызылқоға ауданындағы Қаракөл және Ай­дын елді мекендерінде өткен таза­лық жұмыстарына «Қаракөл» бас­тауыш партия ұйымының өкілдері қатыс­ты. Олар ауыл ішін, балалар алаң­дар­ын тазар­тып, жеңіл жөндеу жұ­мыстарын жүргізді. Ал Алматы қаласында Ахмет Байтұрсынұлы атындағы скверде «Жастар Рухы» жастар қанаты­ның ұйымдастыруымен өткен акцияда 30-ға жуық белсенді жас демалыс орнын тазалап, жаяу жүр­гіншілер жолдары мен орын­дық­тарды ретке келтірді.

«Біз өз ісіміз арқылы өзгелерге үлгі көрсетіп, қоршаған ортаға жана­шырлықпен қарауға шақыр­а­мыз. Бұл жердің әрқашан таза әрі көрікті болғанын қалаймыз», – деді «Жастар Рухы» ЖҚ Ал­маты қалалық филиалы төр­аға­сының кеңесшісі Дана Білдебаева.

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылында «Сайқын», «Т.Жаро­ков» және «Солтүстік» бастауыш партия ұйымдарының бастамасы­мен ауқымды экоакция өтті. Аудан әкімінің орынбасары Кене­­сары Нұршинов тұрғындарға алғысын білдіріп, бастаманың тұрақты жалғасатынын айтты.

Сондай-ақ Шымкенттегі таза­лық жұмысына 100-ге жуық адам қатысты. Игі іске партия өкіл­дері­мен қатар коммуналдық қыз­мет жұмысшылары да атса­лыс­ты. Тазалық жұмыстары ая­сында қа­тысушылар Нұртас мөл­тек ауданы Кәусар көшесін қо­қыс­тан тазар­тып, жабайы шөп­терді орып, бұта­лар мен ағаш­тарды ретке келтірді. Нәти­жесінде, 1 тоннаға жуық қоқыс жиналып, арнайы техника­мен сыртқа шығарылды.

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында «Жастар Рухы» жастар қанаты мүшелерімен бірге партия белсенділері Қарақыстақ шатқал­ын­да тазалық жүргізіп, 1 тоннаға жуық тұрмыстық қалдықты арнайы орынға жеткізді. Акцияға 20-дан астам ерікті қатысты.

«Қарақыстақ сияқты табиға­ты көркем жерлерде адамдар демал­ып қана қоймай, артынан қоқыс тас­тап кететін жағдайлар жиі ­кез­деседі. Сол себепті мұндай орын­­дарда экологиялық мәден­иет­ті қалыптастыру – өте маң­ызды. Әр азамат қоршаған орта­ға жанашырлықпен қарап, таза­лық­­қа атсалысуы керек», – деді ак­ция­ға қатысушы ерікті Ақжол Бекмұрат.

Дәл осындай іс-шара Жетісу облысы Қаратал ауданы Үштөбе қаласың орталық саябағында да ұйымдастырылды. Акцияға 30-ға жуық адам жұмылдырылып, нә­ти­жесінде 3 тоннадан астам ­қо­­қыс жиналды. Қатысушылар қо­ғам­дық орындардың тазалығы­на ерекше мән беріп, акция бары­сында аумақты қоқыстан тазартып, көгалдандыру жұмыс­тар­ын да атқарды.

Қызылорда облысы Қар­мақ­шы ауданында аманаттықтар Жосалы кентіндегі «Ардагерлер аллеясын» абаттандырып, күл-қо­қыс­тан тазартты.

«Әрбір аптаның бейсенбі күні дәстүрлі түрде жүргізіліп келе жатқан бұл іс-шара – туған жерге деген қамқорлық пен құрметтің жарқын көрінісі. Тазалық бар жер­де тәртіп пен мәдениет қал­ып­­та­сады. Әрбіріміз қоршаған ортаға, қоғамға деген жана­шыр­лықтың үлгісін көрсетуміз ке­рек», – дейді акцияны ұйымдас­тыру­шы партия­ның Қармақшы аудандық филиа­лы­ның атқарушы хатшысы Ғалым­жан Ақжігітов. 

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудан­­ында «Ақерке» бөбекжайы­ның ауласына тал егіліп, орталық көшелерде тазалық жүргізілді. 80 қап қоқыс жиналды.

Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы экоакция Ауған соғысы ардагерлеріне ар­налған саябақта өтті. Іс-шараға партия мүшелері, музей қызмет­керлері, депутаттар мен тұрғын­дар қатысты. Олар саябақ аума­ғын тазалап, қоқыс жинап, жасыл жел­ек­терді күтіп-баптауға атсал­ысты.

«Таза бейсенбі» экологиялық акциялары еліміздің өзге өңір­лерінде де тұрақты түрде өткізіліп келеді. Өткен жылдың маусым айы­нан бері «Таза бейсенбі» ая­сында 120 мың тоннадан астам қоқыс жиналып, 100-ден астам өзен-көл мен су айдындары таз­ар­­тыл­ды. Игі іске ел бойынша 70 мыңнан астам адам қатысты. Бұл бастама «AMANAT» партия­сы­ның табиғатты қорғау, эко­ло­гиялық мәдениетті қалыптас­тыру және қоғамды біріктіру жол­­ы­н­дағы нақты қадамдарының бірі болып табылады.

Елнар Елтай