ТЖМ өкілдері азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.
Қарағандыда ТЖМ қызметкерлері өрттен 5 адамды құтқарып қалды
407
оқылды

Қарағанды қаласындағы Гоголь көшесінде орналасқан бес қабатты тұрғын үйде өрт шыққан, - деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, тұрғын үйдің 2 және 3-қабаттары аралығында жалпы ауданы 8 шаршы метр болатын электр сымдарының оқшаулағыштары мен электр қалқанының жанғыш бөліктері өртенген.

- Төтенше жағдайлар қызметкерлері құтқару қалпақтарының көмегімен түтін басқан аумақтан 5 адамды, соның ішінде 2 баланы құтқарып қалды. Өрт қысқа мерзімде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда, - делінген ақпаратта.

ТЖМ өкілдері азаматтарды тұрмыста өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.