Тау бөктеріндегі 144 жерде көлшік бар.
Шығыс Қазақстанның бірнеше ауданына сел қаупі төніп тұр
395
оқылды

Шығыс Қазақстан облысының 4 ауданында әлі де сел қаупі сақталып отыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz 24KZ-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін 10-нан аса таулы аумақта сел жүрген. Қауіптің алдын алу үшін «Қазселденқорғау» мекемесінің құтқарушылары шатқалдар мен тау басындағы жиналған суды зерттеп жатыр.

Тау бөктеріндегі 144 жерде көлшік бар. Жауаптылардың айтуынша, олар тасыса жақын маңдағы 11 елді мекенге, Риддер қаласының шалғай аумақтары мен Катонқарағай, Зайсан аудандарына да қауіп төнуі мүмкін.

- Барлық қауіпті деген жерге ескерту белгілері мен тақтайшалар орнатылған. Туристерге жаңбырлы күні тауға шықпауға кеңес береміз. Қазір біздің мамандар барлық көшкін қаупі бар аумақтарды бақылауда. Ал тау басында жиналған суларды аэротүсірілім арқылы күнделікті көріп отырмыз. Эвакуация жоспары жасалған, - деді облыстық «Қазселденқорғау» ММ басшысының міндетін атқарушы Талғат Нұрахмет.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.