Ауа райының қолайсыздығына байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі тұрғындарға ескерту жариялады.
Бүгін Қазақстанда ауа райы күрт құбылмалы болады
Фото: gov.kz
1,914
оқылды

Дауылды ескерту жариялаған министрлік қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауды сұрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің басым бөлігінде қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ, тұман, желдің екпіні, шаңды дауыл және қатты ыстық сияқты қауіпті гидрометеорологиялық құбылыстар  күтілуде.

Төтенше жағдайлар министрлігі дауыл туралы ескертулерді қадағалап, қажетті қауіпсіздік шараларын сақтауыңызды өтінеді!, - делінген министрліктің хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.